Оқушылар қысқы каникул кезінде қанша күн демалады

Қазақстан мектептерінде он күннен кейін екінші тоқсан аяқталады. Қысқы демалыс 30 желтоқсанда басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мектептердегі демалыс 2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында 11 күнге жалғасады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Бірінші сынып оқушылары үшін 2022 жылдың 7-13 ақпан аралығында қосымша 7 күн демалыс беріледі.