Қазақстанда өлім жазасы алып тасталады

Мәжілісте осындай заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Алайда құжатта ескертулер қарастырылған деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, өлім жазасы Қылмыстық кодекстің 13 бабынан алып тасталады. “Өлім жазасын қылмыстық кодекстің төрт бабында ғана қалдыру ұсынылады. Атап айтқанда, соғыс қимылдарымен байланысты және соғыс уақытында жасалатын бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы ең ауыр қылмыстар үшін қалады. Оларға қолданыстағы Қылмыстық кодекске сәйкес басқыншылық соғысты тұтандыру немесе жүргізу, жаппай қырып-жою қаруын қолдану, әскери тұтқындар мен бейбіт тұрғындарды өлтіру арқылы соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу, соғыс кезінде жасалған геноцид жатады”, – деді.