Шымкенттегі мұғалімдерге қатысты сот шешімі шықты

Білім басқармасының маманы мен №96 мектептің бұрынғы директоры мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы жалған куәлік жасаумен айналысқан. Олар 2018 жылдан бастап сертификат пен куәліктерді қолдан жасап, саудаға салған. Жалған анықтаманы 340 педагог алған. Оларға біліктілігін арттырғаны үшін үстемақы төленген. Ұстаздардың басым бөлігі сотқа дейін бюджеттен заңсыз алып келген қаржыны қайтарды. Бұл сома 210 миллион теңгеге тең. Сотта мектеп директорының өз қызметкерлерін пара беруге итермелегені анықталып, ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал экс-шенеунік 4 жыл мерзімге сотталды.