Қазақстанда мектеп формасына қатысты бұйрыққа өзгерту енгізу жоспарланып отыр

Жаңа ережелер мектеп формасына қойылатын талаптарды өзгертпейді. Тек мектеп оқушыларының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Форма тізімін толықтыру және таңдау мүмкіндігі беріледі. “Пиджак, жилет, шалбар, юбка және жейдеден тұратын қазіргі мектеп формасымен қатар оқушыларға пиджак пен жакетті түймелері бар немесе тоқылған күрте, кардигандарға ауыстыруға, сондай-ақ күнделікті киіп жүрген жейделерін поло жейделерге ауыстыруға болды. Ал киімнің түсі, стилі және басқа да тұстары мектеп әкімшілігімен келісілуі керек”, – делінген хабарламада.