Бас прокуратура: Шетел асқан 630 млрд теңге қайтарылды

Қазақстаннан ұрланған 630 миллиард теңгеден асатын заңсыз активтер мемлекетке қайтарылды. Олигархтар осыншама қаражатты заңсыз шетел асырып, жасырған, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның 595 миллиард теңгесі қылмыстық істерді тергеу және демонополизация жұмыстары аясында өндірілді. Бұл туралы активтерді қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысында белгілі болды. Бұған қоса, құны 230 миллион доллар болатын асыл тастар мен зергерлік бұйымдар да ел қазынасына қайтарылды. Тағы кеден саласына қатысты заң талаптарын бұзып жұмыс жасаған 10 компаниядан 57 миллиард теңге өндірілді. Сонымен қатар соңғы бес айдың ішінде 140 мың гектар жер мемлекетің меншігіне өтті. Бұл жер телімдері кезінде заңсыз жолмен берілген көрінеді.