Қазақстанда пневмониямен 28 мың адам ауруханада жатыр

Қазақстанда пневмониямен 28 мың адам ауруханада жатыр. Олардан коронавирус анықталмаған.

Солардың ішінде 330 пациенттің жағдайы ауыр болса, науқастардың 98,9 процентінің жағдайы орташа ауыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Одан басқа стационарларда ЖРВИ немесе басқа тұмау аурулары бар деген диагнозбен 4 мыңнан астам адам емделіп жатыр деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.