Бүкіл халықты ПТР-тестіден өткізу жоспары жоқ

Бүкіл халықты ПТР-тестіден өткізу жоспары жоқ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп мәлімдеді.

Коронавирус инфекциясы бойынша статистика ПТР-тестілер арқылы жүргізіледі. Бірақ COVID-19 вирусын жұқтыру жағдайлары ресми мәліметтен де көп болуы мүмкін деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, ауру белгілері болмаса пациент үйінде 14 күн жатып, бақылауда болады. Ал көмекке аса мұқтаж адамдарға басымдық беріледі.