Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттады

Теміржол тасымалы қызметінің бағасы бір жылда 1,6%-ке өскен. Бұл туралы Elorda.info хабарлайды. Бір жылдың ішінде елордада пойыз билеттері 9,8%-ға қымбаттаған. Ал Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында билет бағасы былтырғыдай. Керісінше, Шымкент пен Қызылорда облыстарында баға 1,5% және 2% төмендеген. Сонымен қатар теміржол тасымалы саласындағы компаниялардың кірісі 20,8%-ке өскен.