Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге 12 қылмыстық топ қатысқан

Бас прокуратура осылай деп мәлімдеді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды. Оның ішінде қылмыс әлемінің 4 серкесі бар. “Қылмыстық топтың ішінде ең белсенділері – Жұмагелдиев “Дикий Арман”, “Қазақстандықтар” және “Айшуақ-Жантүгел” топтары бар”, – деді Бас прокуратураның 1 қызмет басшысыының орынбасары Елдос Қилымжанов.