Қазақстанда рейстер кешіксе жолаушыларға төленетін өтемақы мөлшері өсуі мүмкін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. “Қазіргі уақытта рейс кешіктірілген жағдайда әуекомпаниялар жауапкершілігін күшейту мақсатында қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу қарастырылып жатыр. Осы ретте рейс кешіктірілсе, жолаушыларға төленетін айыппұл көлемін ұлғайту мәселесі талқылануда”, – деді министрлік өкілдері. Еске сала кетсек, осыған дейін ведомство азаматтардың құқығын сақтамағаны үшін Air Astana әуекомпаниясына төрт рет айыппұл салған.