Прокурорлар Алматыдағы әйел мен екі баланың өліміне қатысты істі өз бақылауына алды

Ведомство мәліметінше, марқұм 34 жастағы әйел мен оның 7 және 2 жастағы балаларының денесінде зорлық белгілері табылған. “Полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша соталды тергеуді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Бейнематериалдар зерделеніп, куәгерлерден жауап алынады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеудің өзге деректері жария етілмейді”, – деді ведомство өкілдері. Еске салайық, оқиға 6 тамызда “Мамыр” шағынауданындағы пәтерлердің бірінде болған. Полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Арыстанғани Заппаров тергеуді жеке бақылауына алды.