Қазақстанда салықтар мен төлемдердің санын қысқартылады

Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министрдің айтуынша, бүгінде Салық кодексінде 12 салық, 48 кіші салық түрлері, 10 төлемақы және 6 алым көзделген. “Тиісінше, салықтар мен төлемдер санын барынша азайту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы жолдауында салықтар санын қысқартуды тапсырғанын айта кетейік.