Коронавирус өміршеңдігі күз айында өрши түсетіні анықталды

Ғалымдар жылдың әр мезгілінде коронавирустың өміршеңдігі қаншалықты өрши түсетінін зерттей келе індеттің сақталу деңгейі күз айында жоғарылайды деген тоқтамға келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. Белгілі болғандай, коронавирус жаздан гөрі күз бен көктем айларында өміршең келеді екен.

Мәселен, жазда вирус түрлі заттардың бетінде тек екі-бес сағат тіршілік ете алса, күз-көктемде оның тіршілік ету ұзақтығы 17-30 сағатқа дейін барады екен. Осыған байланысты ғалымдар тұрғындарға барынша сақтық шараларын қолданып жүруді ескертіп, дабыл қақты. Айналаңыздағы заттардың бетін жиі дезинфекциялап, тазалықты сақтап отырған абзал дейді мамандар.