“Қазақстан халқына” қоры студенттер үшін білім беру гранттары түрінде қайырымдылық көмек көрсету бағдарламасын әзірлейді. Сейсенбіде қор төрағасы Болат Жәмішевтің білім және ғылым министрлігі өкілдерімен және ЖОО ректорларымен онлайн-кездесуі өтті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады. Ол студенттерге грант түрінде қайырымдылық көмек көрсету бағдарламасын таныстырды. Мұндай гранттарды іріктеу критерийлері, бөлу тетіктері мен әдістері білім министрлігімен бірлесіп жоғары оқу орындарының белсенді қатысуымен пысықталады. Бағдарламаны 1 қыркүйекке дейін іске қосу жоспарланып отыр.