Денсаулық сақтау министрлігі осылай деп мәлімдеді. Ол ойыншықтардың 43 проценттен астамы қауіпсіздік талаптарына сай емес,- дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары ай сайын ойыншықтардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді. Осы жылдың 2 айында республика бойынша 400-ге жуық үлгі іріктеліп, зерттелді. Оның шамамен тең жартысына жуығы талаптарға сәйкес келмейді. Айта кетейік, Қытай мен Өзбекстан Республикасында өндірілген ойыншықтардың құрамында фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан деңгейінің артуы анықталды. Балаларға қауіпті тауарларды сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлік субъектіге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.