Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Президент көмекшісі – Қазақстан президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын», – делінген президент жарлығында.
Бұған дейін еңбек министрлігін басқарған Серік Шәпкенов Атырау облысына әкім болып барды. Тамара Дүйсенова – экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі болды.