Олар – “Гелиос” ЖШС, “Sinooil” ЖШС, “Газ пром нефть-Қазақстан” ЖШС, “PetroRetail” ЖШС. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин осылай деді. Оның мәліметінше, дизель отыны нарығында бөлшек сауда иелеріне қатысты 12 тексеру жүргізілуде. Ол 180 күнге уақытша шекті бағалар белгіленгенін мәлімдеді. “Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу бойынша жұмыс істеп жатыр. Агенттік әкімшілік бірліктерді ескере отырып, сұйытылған газды батыста 50 теңге, оңтүстікте 60 теңге, солтүстік пен шығыста 60-70 теңге деп белгіледі”, – деді Жұманғарин.