Қарағандыда Ұлттық ұланның қаза болған сарбаздарының отбасына 7 миллион теңгеден берілді

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлайды. Талдықорған мен Қызылордада тәртіпсіздіктер кезінде Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қаза болған еді. Олар Президент жарлығы бойынша қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен адалдығы үшін ІІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды”, – делінген хабарламада. Зардап шеккендер отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетіні айтылды. Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге қалаларда болған митинг жаппай тәртіпсіздікке ұласқан.