Ол – бір жыл бұрын Павлодар облысында құрылған “Лидер Капитал 168” МҚҰ ЖШС. Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ұйымға алданған 100-ден аса адам бар. Оларға салым сомасынан 10 пайыз табыс түседі деп уәде етілген. Қаржы пирамидасын құру дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Қаржы мониторингі агенттігі күмәнді компанияларға ақша салмауға үндейді.