Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы қымбаттайды. 1 наурыздан бастап оның құны 7%-ке артады. Бұл өзгеріс облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қатысты болады. Еске сала кетейік, жауапты мекеме жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатыр.