Танымал продюсер Фил Спектор түрмеде қайтыс болды

Танымал продюсер Фил Спектор түрмеде қайтыс болды. Ол The Beatles-тің «Let It Be» атты соңғы альбомына продюсерлік еткен. Оған актриса Лана Кларксонды өлтірді деген айып тағылған еді хабарлайды TMZ. Басылым мәліметінше, 82 жастағы Спектор коронавирустан туындаған асқынудан бақилық болған. Продюсер көпшілікке дыбыс жазбасында «дыбыс қабырғасы» техникасын енгізумен танылған. Сонымен қатар ол The Rolling Stones-пен де бірге жұмыс істеген. Ал 1989 жылы оның есімі рок-н-ролл Даңқ залына енгізілген.