Бұл туралы үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. “Енді академиялық адалдық қағидаттарын бұзған студенттерді оқудан шығаруға мүмкіндік бар. Барлық дипломдық жұмыстарды, жазбаша жұмыстарды жөнсіз көшіріп алуды болғызбау үшін міндетті түрде тексеру нормасы енгізілді және университтердің бәрінде осы тексеру жүйелері орнатылды”, – деді министр.