Мобильді байланыс операторларына 104 млн теңге айыппұл салынды

Еліміздің баяу интернет пен сапасыз байланыс үшін мобильді байланыс операторларына 104 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитеті Радиожелілік спектрін пайдалануға рұқсат беру басқармасының басшысы Ерлан Дүйсен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз осы кезге дейін 465 тексеру жүргізілген. Егер байланыс операторлары ақсай беретін болса, онда әкімшілік шара қабылдап, қажет жағдайда қызмет көрсету құқығынан айыру қадамына дейін барамыз», – деді Ерлан Дүйсен.