Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Татарстан астанасында болған қайғылы жағдайдан кейін елдегі білім беру мекемелерінде қауіпсіздік күшейтілітенін жеткізді. Бұл туралы ведомство басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Бұл тек бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, сонымен қатар түрлі төтенше жағдайларға қызметкерлер мен оқушыларды дайындау. «Психологиялық қызметтердің жұмысына және қолайлы жағдай жасауға назар аудару керек. Балалар – біз үшін ең қымбат және олардың қауіпсіз болуына бар жағдайды жасаймыз», – деді білім және ғылым министрі.