Олар – Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы қара жолдар. “Жергілікті жолдардың ұзындығы – 71 мың шақырым. Атқарылған жұмыстар есебінен былтыр олардың 75 пайызы нормативтік жағдайға келтірілді. Бүгінде өңірлер арасындағы облыстық және аудандық жолдардың жағдайы әртүрлі. Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарының жол желісін жақсарту және тепе-тең қаржыландыру қағидатын сақтау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде”, – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында. Министрдің мәлімдеуінше, биыл жергілікті жолдар желісін дамытуға 119 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа 1,3 мың шақырым жол жөнделмек. Жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасына және олардың жағдайын диагностикалауға ерекше назар аударылады. Былтыр республикалық және жергілікті жолдарды жөндеу нысандарында 810 бұзушылық анықталды”, – деді ол.