Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Еуропалық Одақ грантын жеңіп алды. БҒМ баспасөз қызметі осылай деп мәлімдеді. Олар Португалия, Нидерланд, Дания, Ресей, Беларусь және Украина ғалымдарымен бірлесіп, әзірлеушілер тобына кірді. Дәрілік препаратты дайындау үшін Қазақстанның оңтүстік аймақтарында өсетін түйе тікенегі пайдаланылады. Отандық зерттеушілер өсімдіктен атеросклероздың бастапқы формаларын емдеуде тиімді биологиялық белсенді заттарды алды.