Тоқаев тәліптермен бейресми диалог құру қажеттігін айтты

Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастамашылық етуі керек. Мұндай коммуникациялар тәліптердің нақты ниетін бағалауға мүмкіндік береді (ұйымға Қазақстанда сот шешімі бойынша тыйым салынған), қауіп-қатерге, өңірлік тұрақтылыққа ортақ көзқарас қалыптастыру және осы елмен сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру”, – деді Тоқаев Душанбеде өткен ҰҚШҰ және ШЫҰ мемлекет басшыларының бірлескен отырысында. Ол бұл кезеңде билікті ресми түрде тану туралы мәселе қозғалмайтынын айтты.