Ғарышкер Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Президент Іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әубәкіров 21 тамызда Президент Іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасына денсаулық жағдайын айтып жүгінген. Ол жөтел, тершеңдік және жалпы әлсіздік барын айтқан. Оның үйіне барған жедел жәрдем қызметкерлері ПТР-талдауына үлгі алған. Нәтиже оң болған. Баспасөз қызметі мәліметінше, Әубәкіров вакцина салдырған. Ол вакцинаның екінші компонентін 17 сәуірде алған. Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы тарихта ғарышты бағындырған бірінші қазақстандық болды. Ол КСРО-ның 72-ші және соңғы ғарышкері, Қазақстан Әскери әуе күштері генерал-майоры. 27 шілдеде ол 75 жасқа толған болатын.