Қазақстандық мектептерде оқушыларға үйден тамақ әкелуге рұқсат берілді

Қазақстанда мектеп асханалары өздерімен бірге тамақ әкелетін оқушыларға жағдай жасауға міндеттелді. Оқу-ағарту министрінің Қазақстандық мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру ережелері туралы бұйрығына өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Атап айтқанда, ережеге “білім беру ұйымдарында білім алушыларға өзімен бірге әкелінген тамақпен тамақтана алуы үшін қажетті жағдайлар жасалады” деген жаңа тармақ қосылды. Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі тауарлар конкурстық негізде сатып алынады. Мектеп асханаларында жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде асхана меңгерушісі, аспаз, асхана қызметкері лауазымдары енгізіледі. Сонымен қатар, әлеуетті өнім берушілерге отандық өндірістегі азық-түліктің кемінде 60 пайызын сатып алу туралы талап жойылады.