16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Тәуелсіздік күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 16 желтоқсанда жұмыс істемейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 17 және 18 желтоқсан демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, бұл күндері де мекемелер жұмыс істемейді. Алайда кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 17 желтоқсанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. 19 желтоқсаннан бастап Мемлекеттік корпорация әдеттегі кестесі бойынша жұмыс істейді.