Қазақстандық оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқиды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында 1-11 сынып оқушылары қашықтан білім алатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Қазіргі эпидемиологиялық жағдай оңай емес. Қауіп – қатерді ескере отырып, 1 қыркүйектен бастап шағын мектептерді қоспағанда, бірінші тоқсанды қашықтан өткізу туралы шешім қабылданды”, – деді Аймағамбетов.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да оқу жылының бірінші тоқсанында орта білім беру ұйымдарының барлық сыныбы үшін қашықтан оқытуды қарастыруды ұсынған.