Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды

Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды. Бұл мәліметті министрліктегілер растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өлімнің себебі нақты айтылмады. Ведомство өкілдері кейінірек мәлімет беруге уәде берді.
Бақыт Құрманбаев бұл қызметке 2019 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.

Бақыт Құрманбаев 1970 жылы 21 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.

ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған, генерал-майор.