Қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді. Ақша көлемі жалақының 70 пайызын құрайды. Бұл жайында Үкіметтің тиісті қаулысы шықты. Қосымша қаржылай қолдау жедел-құтқару жасақтарына, Апаттар медицинасы орталығы мен “Қазселденқорғау” мекемесінің қызметкерлеріне көрсетіледі. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше елімізде 2 мыңнан аса құтқарушы қосымша ақы алады.