Қазақстанда балалы отбасының ажырасу ережелері өзгеруі мүмкін

Сенат депутаттары бірінші оқылымда кейбір заңнамалық актілерге іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады. Заң жобасында некені бұзу және мүлікті бөлу туралы азаматтық істерді кәмелетке толмағандар және отбасылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретіне беру жоспарланып отыр. Апелляциялық сатыдағы соттың істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай мәні бойынша қарау өкілеттігі де кеңейтіледі.