Бұдан былай қазақстандықтар автобуспен қатынау үшін электронды билет алуға тиіс. Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесіне осындай өзгеріс енгізді. 4 қазанда бұйрықта көрсетілгендей, жолаушы автобусқа мінерде сатып алған электронды билетін немесе жеке куәлігін көрсете алады. Айта кетерлігі, куәліктің түп-нұсқасынан бөлек, цифрлық құжаттар сервисіндегі электронды нұсқасы жарамды саналады. Автобусқа мінгізерде жолаушының билетте көрсетілген аты-жөні мен куәлігіндегі жазбасы тексеріледі. Халықаралық және қалааралық бағыттардағы автобустың жолақысы мен жүк ақысын бұрынғыдай автобекеттер мен жолаушыға қызмет көрсететін орындар мен ақпараттық жүйе арқылы қабылданады.