Павлодардағы жол апаты: оқушылардың жағдайы тұрақты

Павлодарда жол апатынан зардап шеккен оқушылардың жағдайы тұрақты. Кеше қалада өрт сөндіру көлігі мен мектеп автобусы соқтығысып, 9 бала түрлі жарақат алған еді. Жалпы, автобуста 15 бала болған. Қазір 3 жасөспірім облыстық балалар ауруханасында жатыр. Үш балаға да бас-ми жарақаты диагнозы қойылған. Қалған балалар амбулаториялық ем қабылдап жүр. Жол апаты бойынша тергеу жұмыстары басталып, тиісті сараптама тағайындалды.