Қазақстандықтар ПТР тесттен өткен-өтпегендігі және оның нәтижесі бойынша түс-түске жүктеледі. Елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы деректерді бақылау және талдау үшін Ashyq қосымшасы жасалды. Бұл қоғамдық орындарға баруды қамтамасыз ету үшін қажет. Қазір жоба карантиндік шаралар кезінде қызметіне шектеу қойылған бизнес өкілдері арасында пилоттық режимде іске асудадеп хабарлайды КТК арнасы. Егерде spa-орталықтар, фитнес орталықтар, кинотеатрларға баратын болсаңыз міндетті түрде QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсетуге тура келеді. Бағдарлама қызыл, сары, көк және жасыл түстерге бөлініп, ПТР тесттің нәтижесі бойынша көрсетіліп тұратын болады. Әр түстің мағынасыбар. Қызыл түс – қозғалысты шектеуді, карантиндік шараларды қатаң сақтап, үйде оқшаулануды білдіреді. Сары түс – көпшілік жерлерде қозғалысына шектеу қойылу, яғни азық-түлік дүкендеріне және өзі оқшауланып жатқан жерден 500 метрге дейінгі жерде орналасқан дәріханаға баруға ғана рұқсат етілген адамдар. Көк түс – ПТР тест міндетті жерлерден басқа орындарда шектеу қойылмайтын жандар. Жасыл түс – Ешқандай шектеу жоқ адамдар. Бұл адамдарда ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен. Адамдарды түске бөлу бизнеске өз қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді. Қосымшада ЖСН немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы келушінің мәртебесін тексере алатын функция тағы бар.