Жүргізушілерге куәліксіз көлік басқаруға болады

Тоқаев көлік жүргізушілеріне осындай рұқсат беретін заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. Нормативтік құжатқа сәйкес, көлік тізгіндеушілер техникалық төлқұжатын да өзімен бірге алып жүрмеуіне болады. Еске сала кетсек, 21 қаңтарда парламент сенатының депутаттары көлік жүргізушілері өздерімен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық құжатты алып жүрмеулеріне мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдаған еді. Жаңа заңға сәйкес, полиция қызметкерлері жеке куәлік арқылы көлік жүргізушісінің құжатын деректер базасынан тексере алады.Ең бастысы, жүргізушіге құжаттарын ұмытып кеткені үшін айыппұл салынбайды. Алайда шетелдік нөмірі бар көліктер мен жүргізуші куәлігін шетелден алғандар өздерімен бірге құжаттарын алып жүруі тиіс. Өйткені қазақстандық полицейлер өзге мемлекеттердің деректер базасына кіре алмайды.