Қазақстандықтар зейнетақы жинағының артығын ЭКО қызметіне жұмсай алады

Бұл туралы “Отбасы банктің” басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Зейнетақы жинағын пайдалану ережесіне сегізінші мақсат қосылды. Ол “көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар” деп аталады. ЭКО жүргізу үшін зейнетақы жинағын пайдалану қағидалары келесі аптада жарияланады. Айта кетейік, 23 қаңтардан бастап “Отбасы банк” (бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау үшін Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасын іске қосты. Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсай алады. Келешекте қаражатты емделуге және инвестициялау үшін алуға мүмкіндік беру жоспарланған.