Енді қоластындағы қызметкер жемқорлық жасаса, оның басшысы лауазымынан бірден босатылады

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттік төрағасының сөзінше, өткен жылы қарамағындағы қызметкердің жемқорлық әрекеттері үшін 6 басшы отставкаға кеткен. “9 саяси қызметкер, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымындағы 39 басшы және квазимемлекеттік сектордың 5 топ-менеджері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.