Қазақстандықтардың депозитіне өтемақы түседі: мемлекет банктерге ақша аударды

Қазақстандықтар теңгедегі депозиттері бойынша мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кейбір банктер хабарлама жіберіп жатыр. “Проблемалық кредиттер қоры” АҚ пен “Қазақстанның орнықтылық қоры” АҚ ақшаларды банктерге аударған. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы – 306,6 миллиард теңге. Ал мемлекет тарапынан 10-пайыздық өтемақыны алатын салымшылар саны – 2 миллион 615 мың 772 адам. Қағидаларға сәйкес, екінші деңгейдегі банктер екі жұмыс күні ішінде тиесілі өтемақыға өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады.