Алматы облысында “G4 City” арнайы экономикалық аймағы құрылды

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша 2048 жылға дейінгі кезеңге Алматы облысында ауданы – G4 City арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап. Экономикалық аймақ Алматы қаласының солтүстігінде, ұзындығы – 80 шақырым А3 тасжолының (Алматы – Қонаев) бойында орналасқан, оның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді. Мәселен, 2048 жылға дейін АЭА шеңберінде шамамен 3,7 триллион теңге көлемінде инвестиция тарту, құны 17 триллион теңгеден аса қызметтер мен тауарлар өндіру, сондай-ақ 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Жалпы жаңа экономикалық аймақтың қызметі G4 City-де туризм, медицина, көлік-логистика, білім беру және мәдени-демалыс салалары инфрақұрылымының жедел дамуына септігін тигізеді деп күтіледі.