Себеп аталған елде эпидахуал ушығып, пандемия басталғалы науқастардың рекордтық көрсеткіші тіркелуде. Түркияда вирустың “британдық” және “бразилиялық” штаммы жылдам таралып, аурудан көз жұмғандар соңғы аптада күрт өскен деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарна дерегінше, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қасиетті Рамазан айында шектеу шарасын одан сайын күшейтті. Өткен аптадан бері аталған мемлекетте күн сайын 50 мыңнан астам адамнан ауру анықталудп. Бұл пандемия басталғалы рекордық көрсеткіш. Түркияның денсаулық сақтау министрі 7 миллион адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компанентін алып үлгергенін хабардар етті. Қазір отандық туроператорлар Түркияға жолдама алған туристердің рейсін маусым айына ауыстыруға мәжбүр.