Журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған ол “Құрдастар”, “Жастар дауысы”, “Арай”, “Жадыңда ма, жолдас, “Айна”, “Жас жігер”, “Бетпе-бет”, “Қолтаңба”, “Діңгек”, “Көршілер», “Заң сөйлесін”, “Nur-Tiley” авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде. Ол 2006-2007 жылдары – “Қазақстан” республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.