Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден озды

Журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған ол “Құрдастар”, “Жастар дауысы”, “Арай”, “Жадыңда ма, жолдас, “Айна”, “Жас жігер”, “Бетпе-бет”, “Қолтаңба”, “Діңгек”, “Көршілер», “Заң сөйлесін”, “Nur-Tiley” авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде. Ол 2006-2007 жылдары – “Қазақстан” республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.