Қазақ-өзбек шекарасында не болып жатыр. ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кейбір өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдары жиналып қалғанын хабарлады. Ұзын-сонар кезекке жол жөндеу жұмыстары себеп болған. Атап айтқанда, “Жібек жолы” өткізу пунктіне іргелес аумақтағы “Гишт Куприк” бақылау-өткізу пунктінде жол төсемі кеңейтіліп жатыр. “Сондай-ақ қазақстандық “Тәжен”, “Атамекен” және “Қазығұрт” шекаралық өткелдерінде қайта жаңарту жүргізілуде, ал “Қапланбек” бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық”, – деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.