Байқоңырға заңсыз кіргісі келген француз жолда көз жұмды

Байқоңырға заңсыз кіргісі келген француз жолда көз жұмды. Екі турист тасжолға шығып, биік ғимараттарға қарай бет алған. Жолда аптап ыстықтан біреуі өзін нашар сезінген. Екінші француз досына көмек бере алмай, қайтадан тасжол жаққа жүгірген. Көлік тоқтатып, жағдайды түсіндіріп, көмек шақырғанша далада қалған досы қайтыс болған. Маусым айында Байқоңырда ауаның орташа температурасы +33 градусқа дейін барады.