Пономаревтің қазасы туралы “Хабар” агенттігінің музыкалық продюсері Татьяна Лаврик өзінің Instagram парақшасында хабарлады. “Аты аңызға айналған “Азия дауысы” фестивалінің екінші негізін қалаушы, талантты режиссер, менің ұстазым Александр Сергеевич Пономарев те өмірден өтті. Мәңгі есіміздесіз, Александр Сергеевич”, – деп жазды. Оның айтуынша, 70 жастағы режиссер коронавируспен күрескен. Жүрегі бұл күреске шыдай алмаған. Желі қолданушылары жазбаға пікір қалдырып, режиссердің жақындарына көңіл айтуда. Еске салайық, былтыр жазда “Азия дауысының” бас продюсері Мұрат Ирғалиев коронавирустың салдарынан қайтыс болған еді.