Иманбек Зейкенов Грэмми сыйлығын жеңіп алды

Халықаралық жүлде жиырма жастағы жігітке америкалық рэпердің «Roses» композициясына жасаған ремиксі үшін берілді деп хабарлайды «Хабар 24». Оның бұл туындысы YouTube-те 1 миллион рет қаралып, Billboard Hot 100 ретингісінің үздік бестігіне кірген. Ал былтыр британдық хит-парадта көш бастады. Осыдан кейін Иманбек Зейкенов ресейлік дыбысжазу компаниясымен келісімге отырды. Айта кетейік, Грэмми сыйлығының 63-і марапаттау салтанаты Лос-Анджелесте онлайн өтті. Беделді музыкалық сайыста қазақстандық үш қарсыласын басып озды. Қазақстан тарихында бұған дейін мұндай сыйлыққа ешкім ие болмаған.