«Бұрын орындалатын барлық ішкі және халықаралық рейстер кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі. Әуе билеттерді айырбастау, қайтару, ұшу уақытын ауыстыру бойынша барлық мәселелер бойынша оларды сатып алған жерге хабарласу қажет», – деп жазылған әуежайдың Instagram парақшасында. Хабарламада биыл Ақтөбеден жаңа әуе бағыттарын ашу жалғасатыны айтылған. Еске сала кетсек, аталған әуежай 2 аптаға жабылған еді. Әуежайыдың ұшу-қону алаңы зақымданып, басқарма төрағасы Дастан Малиев жөндеу жүргізілетінін айтқан болатын.